• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Өнер 03 Қыркүйек, 2021

«Домалақ ана» елордалық көрермендерге ұсынылды

461 рет
көрсетілді

Шымкент қалалық опера және балет театры аты аңызға айналған әулие ана – Домалақ анаға арналған операны Нұр-Сұлтан қаласының көрермендеріне тарту етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Шымкент қалалық опера және балет театры Тәуелсіз Қазақстан жылдарында жазылған екінші опера – Т.Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсы көпшілік өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.

Жаңа операны сахналауға әлемге әйгілі және елімізге танымал өнер майталмандары жұмылдырылды. Операда жалпы саны 150-ден астам әртіс рөл сомдайды.

Идея авторы – ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы, қойылымның композиторы ҚР Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық байқаулардың лауреаты Тасқын Жармұқамет. Либреттосын жазған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. Қоюшы-режиссер – Михаил Панджавидзе, қоюшы-дирижер – Мәди Өмірзақов, қоюшы-суретші – Бақыт Күзембаев, костюм бойынша суретші – Сабира Даулеталиева, қоюшы-балетмейстер – Абдурасул Есекеев, Рита Хайрушева, қоюшы-хормейстер – Бағлан Алтаев, көркемдік жетекші – Мадихан Дуисеев.

Шымкент қалалық опера және балет театрының алғашқы гастролдік сапары Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары әкімдіктерінің тарапынан қолдау тапты.

«Домалақ ана» Астана опера сахнасында бүгін екінші рет қойылады. Қазақстанның өзге қалаларындағы опера сүйер қауым қойылымды Tengrinews.kz/tv сайтынан тікелей эфирде тамашалай алады.