Президент биылғы Жолдауда цифрландыру жөніндегі ұлттық жоба аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлауды тапсырған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осыған орай Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өзінің орынбасарларына білім беру ұйымдарындағы STEM кабинеттерінің тиімді жұмыс істеуін қадағалауды, ІТ-мамандар даярлаудың қалалық кешенді жоспарын әзірлеуді жүктеді.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара тиімді кіріктірілуін шешу мақсатында геопортал жүйесін бекітілген мерзімде іске қосуды тапсырды. Нәтижесінде жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы, инженерлік желілер салалары бойынша жүйелі ақпараттық деректер қалыптастырылып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер толық автоматтандырылатын болады.