Қазақстан билігі Қытайдан келетін тауар транзитін кеңейту үшін жаңа теміржол желісін салу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні шығыс экономикалық форумының жалпы отырысында бейнебайланыс арқылы сөйлеген сөзінде айтты, деп жазады Egemen.kz.
«Қазақстан транзиті экономикалық тартымдылығы мен сенімділігін дәлелдеді. Сондықтан біз инфрақұрылымды жақсартуды жалғастырамыз. Атап айтқанда, Қытайдан келетін транзитті кеңейту үшін жаңа Достық-Мойынты теміржол желісінің құрылысын бастаймыз. Инвестицияның жалпы көлемі 2 млрд доллардан асады», деді Мемлекет басшысы.