• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Қыркүйек, 2021

Алмаз кенішінде 12 адам қаза тапты

185 рет
көрсетілді

Конго Демократиялық Республикасындағы Ангола қаласында алмаз кенішінен улы зат сыртқа ағып, 12 адам қайтыс болды, деп жазады Egemen.kz.

Қоршаған орта министрі Ева Бозайбаның айтуынша, Анголадағы алмаз кенішінен улы зат ағып, нәтижесінде 4500-ге жуық адам ауырған, 12 адам қаза тапқан. Ол мемлекеттің компаниядан шығынды өтеуді талап ететінін айтты, бірақ нақты соманы атамады.

Тау-кен компаниясынан әзірге жауап келмеді.

Өткен айда қоймадан құрамында ауыр металдардың қосалқы өнімі бар су ағып, өзеннің қызыл түске боялуына себеп болды. Салдарынан балықтар, бегемоттар және басқа да жануарлар қырылып қалды.