ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов «Халық арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша шараларды одан әрі жүргізу туралы» 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 Қаулыға өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан аумағында Венгрия, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғызстан, Молдова және Түркия азаматтарының паспорттары/сертификаттары/вакцинация анықтамалары жарамды деп танылсын», делінген құжатта.