• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2014

Күн тәртібі белгіленді

386 рет
көрсетілді

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төраға­лы­ғымен өткен Мәжіліс бюросында жалпы отырыс­та қаралатын мәсе­лелер белгіленді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төраға­лы­ғымен өткен Мәжіліс бюросында жалпы отырыс­та қаралатын мәсе­лелер белгіленді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Палата қарауына Қылмыстық кодекстің жобасы ілеспе түзету­ле­рімен бірінші оқылымға шы­ғарылады. Салалық комитет­ бюроға баяндау барысында Қыл­мыстық кодекс жобасының жаңа редакциясы Қазақстан Рес­публикасы Президентінің 2012 жылғы 6 қаңтардағы тап­сырмасына орай, 2010-2020 жыл­дарға арналған Сая­си-құқықтық тұжырымдамасының ережелері мен мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін жүзеге асыру қажеттігін ескере отырып жасалғанын атап өтті.

Жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасына Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Хатшылығының қаржылық қағидалары туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы да қосылды.

Осылармен қатар, палатаға ратификацияланатын екі заң жобасына: «Жалақыны қорғау туралы (95-конвенция) және ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы» (26-конвенция) қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылау ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар