• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Қыркүйек, 2021

Суға батқан қызды құтқару кезінде қаза тапқан ер адамның ерлігіне құрмет көрсетілді

261 рет
көрсетілді

Павлодар облыстық ТЖ департаменті басшысының міндетін атқарушы, подполковник Мейрамбек Батырқұлов жас қыздың өміріне араша түсіп, алайда өзі мерт болған Марат Рахымжановтың отбасымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаза тапқан ер адам 1962 жылы туылған.

Естеріңізде болса, 3 тамыз күні Ертіс өзенінің жылы ағымында өзенге батып бара жатқан 11 жасар қызды құтқарып, алайда өзі суға батып кеткен ер адам туралы хабарлаған болатынбыз. Ол өзенге батып кеткен қызды жағаға лақтырып үлгерген 59 жастағы Марат Рахымжанов болатын. Марқұмның денесін жедел-құтқару жасағының құтқарушылары араға екі күн салып яғни 5 тамызда сағат15:47-де Павлодар қаласының автожол көпірі маңынан тапқан болатын.