• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Қыркүйек, 2021

Женевада Ауғанстан бойынша министрлер кездесуі өтеді

245 рет
көрсетілді

13 қыркүйекте Женевада Ауғанстандағы гуманитарлық операцияларды одан әрі қаржыландыру мәселесі бойынша министрлер кеңесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҰҰ Бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик гуманитарлық операциялар мәселесінің Азия елі үшін өмірлік маңызы бар екенін айтты. 

Дүниежүзілік ұйымның бас хатшысы өкілінің айтуынша, Швейцариядағы кездесу Ауғанстандағы гуманитарлық операцияларды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталады. 

Дюжаррик конференцияға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің де қатысатынын атап өтті. 

БҰҰ Ауғанстандағы гуманитарлық операцияларды жалғастыру үшін 1,3 миллиард доллар қажет деп мәлімдеді, әзірге бұл соманың 39 пайызы ғана жиналды.