• RUB:
    6.06
  • USD:
    515.18
  • EUR:
    570.66
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Қыркүйек, 2021

Қытайда қуатты жер сілкінісі болды

1089 рет
көрсетілді

Қытайда магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Пишан префектурасында сезілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай жер сілкіну орталығының (CENC) мәліметі бойынша жер сілкінісі сенбі күні Пекин уақытымен таңғы 9:54-те болды.

Жер сілкінісінің эпицентрі келесі координаттарда орналасқан: солтүстік ендік 37,87 градус және шығыс бойлық 77,96 градус, 7 км тереңдікте.

Жер сілкінісі басталғанға дейін Шыңжаң провинциясының Қашқар мен Хотан префектураларының бір бөлігінде бірнеше ұсақ дүмпулер болды.

 

Соңғы жаңалықтар