• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қаржы 04 Қыркүйек, 2021

ШЫҰ елдері Даму банкі мен Даму қорын ашуды талқылай бастады

188 рет
көрсетілді

ШЫҰ-на мүше елдердің қаржы министрлері мен орталық банктің басшылары онлайн форматта кездесіп, жаңадан ашылады деген қор  жобасы туралы пікірлесті, деп жазады   Egemen.kz  Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан дерекке сілтеме жасап.  

Кездесуге Қазақстан, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан өкілдері, сондай-ақ ұйымның Бас хатшысы қатысты. Қазақстан тарапынан Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова қатысты.

Қаржы министрлері мен ШЫҰ-ға мүше елдердің орталық банктерінің басшылары пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканың қалпына келу қарқынын талқылады, сонымен қатар ШЫҰ мүше мемлекеттердің үкіметтері мен орталық банктерінің қолдау бағдарламаларын іске асырудағы рөлін бағалады.

Кездесуге қатысушылар қаржы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде, коронавирустық пандемия салдарын жоюдың тиімді құралына айналуы тиіс екенін атап өтті.