• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Қыркүйек, 2021

Қазақстан «Танк биатлонында» үшінші орын алды

692 рет
көрсетілді

2021 жылғы Халықаралық Армия ойындарында танк биатлоны бойынша өткен жарыста Ресей жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарыс Мәскеу түбіндегі Алабино полигонында өтті. 

«Эстафетаның» соңғы кезеңінде ресейлік танк экипаждары жолды барлық командалардан жылдамырақ - 1 сағат 36 минут 49 секундта жүріп өтті. Қытайлықтар 10 минут 31 секундқа артта қалды. Қазақстан құрамасы үшінші, Әзірбайжан төртінші орынды иеленген.