• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Экология 05 Қыркүйек, 2021

Теңіз түбі толған тор

2671 рет
көрсетілді

Судан маржан сүзетін балықшылар Каспий теңізінен де балық аулайды. Бірақ облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының мәліметінше, Каспий теңізінің қазақстандық секторында балық аулау үшін арнайы торлар көбірек қолданылатыны анықталып отыр.

Бұл жыл сайын су астындағы тіршілік иелеріне, әсіресе ерекше қорғалатын бекіре балықтары мен итбалықтардың көбеюіне кері әсерін тигізеді. Енді балық шаруашылығы комитетінің бұйрығымен теңізде осындай торларды құруға 17 тамыздан бастап тыйым салынды.

– Атырау облысының аква­­то­риясында су кеңістігін пай­да­ланудың ережесі бар. Бұл – Жайық өзенінің сағасынан солға және оңға 50 шақырым қа­шық­та, 3 метр тереңдікке дейін. Алай­да дәл осы талап толық сақ­талмайды. Жанар-жағармай мен уақытты үнемдеу үшін немесе тиісті материалдық-техни­калық базаның жоқтығынан балық­шылар ережеде көрсетілгендей, Жайық өзенінің сағасынан 50 шақырым қашықта жүрмейді. Олар тікелей тыйым салынған аймақта торлы ау құрады. Нәтижесінде, уылдырық шашуға немесе қыстау үшін өзенге кіретін су маржандары торға түсіп жатады. Міне, осының салдарынан соңғы жылдары Жайық өзеніне қоныс аударатын жартылай өтпелі балық саны айтарлықтай азайып отыр, – дейді Артур Сәдібек- ұлы.

Бұл – бір. Екіншіден, Жайық өзенінің теңізге құяр сағасы бітеліп қалған. Осыған орай облыстық балық шаруашылығы басқармасының ұйытқы болуымен арнайы топ құрылып, өзен сағасында өлшеу жұмыстары жүргізілді. Мақсат – өзеннің теңізге құяр сағасындағы су терең­дігін анықтау. Өлшеу жұмыс­тарын жүргізген топ мүше­лері Жайық өзенінің Кас­пий теңізіне құяр сағасы өте тайыз деген қорытынды жасады.

Нақтылай айтқанда, судың те­реңдігі Жайық өзенінен 1 шақы­рым қашықтықта – 1,10, 800 метр жерде – 0,75, ал 500 метр тұста – 0,71, сондай-ақ 300 метр аумақта – 0,83, теңізге құяр сағасында 0,43 метрді құрады.

– Бұл – өте төмен деңгей. Оның үстіне, бірнеше күннен бері теңіз жақтан жел соғып тұр. Демек, теңіз суы өзенге келіп жатыр. Соның өзінде өзеннің теңізге құяр сағасы бітеліп қалған. Ал теңіз суы кері қайтқанда не болмақ? Сондықтан тез арада теңіз түбін қазу қажет. Теңіздің өзенге құяр сағасы тереңдетілмесе, балықтар да, кемелер де тайыз судан өте алмайды. Мұның кесірі су астындағы тіршілікке де, балық кәсіпшілігіне де кері әсерін тигізеді, – дейді Артур Сәдібекұлы.

Ал облыстық экология депар­таменті Атырау облысының эко­логиялық проблемаларын кешен­ді шешу жөніндегі Жол карта­сы­ның 29, 34-тармақтарын орындау мақ­сатында Жайық өзенін бра­­ко­ньерлік аудан тазартуды бастады. Осылайша, жол картасының 29-тармағында көр­сетілгендей, Жа­­­йық өзенінің жаға­сында жұмыс істеп тұрған химиялық қоймалар ­мен басқа да ластаушыларды анық­тау, түгендеу, іздестіру, жою жұмыс­тары ұйымдастырылды. Сондай-ақ 34-тармаққа сәйкес, өзеннің арнасын, сағаларын бра­коньерлік балық аулау құралдарынан тазарту көзделді. Іс-шара кезінде өзеннен браконьерлер құрған 12 аулау құралы шығарылды. Ауға шырматылған тірі балықтар өзенге кері жіберілді. Ал өлген балықтар мен иесіз ау құралдары жинап алынды.

 

Атырау облысы