• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2014

Нақты іс-шаралар бағдарламасы

377 рет
көрсетілді

Есеп комитетінің ұжымы Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізгі қағидаларын талқылады, деп хабарлады Есеп комитетінің баспасөз қызметі.

Есеп комитетінің ұжымы Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізгі қағидаларын талқылады, деп хабарлады Есеп комитетінің баспасөз қызметі.

Есеп комитетінің төрағасы Қ.Жаңбыршин Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізгі қағидаларын талқылау барысында аталған Жолдаудың аса маңызды екенін атап өтті.

«2014 жылғы Жолдау 2050 жылға дейiнгі ұзақ мерзiмдi Стратегияны іске асыру бойынша нақты іс-шаралар бағдарламасы болып табылады. Белгiленген бағыттар Қазақстан экономикасының одан әрi терең жаңғыртылуын, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн және даму серпіндерін арттыруды көрсетеді», – деді Есеп комитетінің төрағасы.

Қ.Жаңбыршиннің пiкiрiнше, осы маңызды міндеттер арқылы еліміздің қаржылық бақылау органдарының рөлі мен маңыздылығы объективтi түрде артпақ.

Есеп комитетінің басшысы: «Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кiруi үшiн Есеп комитеті тәуелсіз сыртқы қар­жы­лық бақылаудың конституциялық органы ретінде маңызды рөл атқаруы тиіс. Оның жауап­кершiлігіне мемлекеттің ұлттық ресурстарды басқару қызметі кіреді. Атап айтқанда, бюджет-қаржы үдерісін, 2050 жылға дейінгі Стратегияны іске асыруға бөлінетін мемлекет қаражатының ұтымды пайдаланылуын бақылау мәселесіне ерекше назар аударылады. Осыған байланыс­ты, мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінен мем­лекеттік аудитке көшу Есеп комитетіне өз қызметін халықаралық озық стандарттарға сәй­кес анағұрлым тиімді және сапалы жүзеге асы­руға мүмкіндік береді», – деді.

Мемлекет басшысының әлемнің ең озық тәжірибесінің негізінде мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесін құру бойынша тапсырмаларын іске асыру мақсатында, елімізде қаржы-эконо­микалық саладағы ұлттық қауіпсіздікті нығай­туға қатысты мемлекеттік саясатты қалып­тас­тырудың және іске асырудың бірыңғай тәсіл­дерін қамтамасыз ететін Мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасы қабылданды.

Сонымен қатар, қазіргі кезде Қазақстан Пар­ламентінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарын ұйымдастыруға, олардың қызметі мен өкілеттігінің бірыңғай қағидаларын айқындауға бағытталған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң жобасы тал­қылануда.

Есеп комитетінің төрағасы отырыс қоры­тындысы бойынша «Қазақстан-2050» Стра­те­гиясын іске асыру шеңберінде көзделген іс-шараларды сапалы және уақтылы орындау бойынша нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар