• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Өнер 06 Қыркүйек, 2021

«Үдеріс» пен «Нәтиже»

453 рет
көрсетілді

Ә.Қастеев атындағы ­Ме­м­­лекеттік өнер музе­йінде кеше ресейлік жас суретші Юлия Вирконың Work in progress көрмесі ашылды. Автор суреттері мен кескіндемесі музей кол­­лекциясындағы жұ­мыс­­тар­мен біріктірілген жо­­ба бір айға созылады. Көр­­мені Grabar Gallery – Наталия Грабарьдің гале­реясы ұйымдастырып отыр.

Фантастикалық сюжеттері бар ауқымды кенептер – Юлия Вирконың негізгі қолтаңбасы. Эксперимент ретінде ұйым­дастырылып отырған көрмеде автор­дың картиналары ғана емес, сондай-ақ олардың салыну үдерісі де көрсе­тілмек.Экспозиция кішігірім лабиринт секілді: оның сыртқы бөлігі «нәтиже», ал ішкі аумағы «үдеріс» деп аталады. Бірінші бөлімінде Вирконың кескіндемелік жұмыстары ұсынылған. «Санаң шекараны білмейді» жобасы топтама түстер мен бейсаналыққа арналса, «Уәделі сағым» топтамасын құрайтын жаңа жұмыстары сюжетті әңгімелеудің тұтастығымен және құндылығымен ерекшеленеді.WORK IN PROGRESS экспозициясының екінші бөлімі – «Үдеріс» – бұл көрме залының дәл ортасында тосыннан берілген «суретші шеберханасы». Жеке кескіндемелік жұмыстар, эскиздер, нобайлар, скетчбуктардың ішкі жағы, эксперименттік және аяқталмаған жұмыстар, тіпті жұмыс киімі – барлығы да инсталляцияның көрінісіне айналады.