• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Қыркүйек, 2021

Қазақстандық велошабандоз әлем чемпионатының жүлдегері атанды

258 рет
көрсетілді

Қазақстандық велошабандоз Кирилл Курдиди жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Курдиди 1000 метр қашықтықта үшінші келіп, қола жүлдені жеңіп алған. Бірінші және екінші орындарды Ресей және Германия спринтерлері бөлісті.

«Кирилді тамаша нәтижемен құттықтаймыз!», деп жазды Қазақстандық велоспорт федерациясының Instagram-аккаунтында.

Еске сала кетсек, жасөспірімдер арасында велоспорттан әлем чемпионаты 1-5 қыркүйек күндері Мысыр елінің Каир қаласында өткен. Бұған дейін әлем біріншілігінде қола медальді қазақстандық велошабандоз Юлия Голубкова жеңіп алған болатын.