• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 06 Қыркүйек, 2021

Қарағандыда жер қатынастары басқармасына жаңа басшы тағайындалды

474 рет
көрсетілді

Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша бұл қызметті Дарын Бұлқайыр атқаратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аппараттық кеңесте ведомство басшысын онлайн режимде облыс әкімі Жеңіс Қасымбек таныстырды.

Дарын Бұлқайыр 2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды қаласы әкімі аппаратында мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2013 жылдан 2015 жылға дейін «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, басшының орынбасары болды.

Кейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында еңбек етті.

2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін Октябрь ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.