• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Қыркүйек, 2021

Елордада Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш орнатылады

431 рет
көрсетілді

Елордада Жақсылық Үшкемпіровтің ескерткіші ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Былтыр тамыз айында қазақтың даңқты ұлы, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Жақсылық Үшкемпіров дүниеден өткен болатын. Дарабоз тұлғаны халқы ешқашан ұмытпайды.

Соның айғағындай, 8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Жақсылық Әмірәліұлына орнатылған ескерткіштің ашылу салтанаты өтеді.

Бұл іс-шара сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайының алдында ұйымдастырылады.

Мәскеу төрінде атой салған Жақсылық аға қазақ балуандарына, жалпы спортшыларына үнемі ағалық қамқорлығын көрсететін. Кәсіпкер ретінде мал шаруашылығын дамытып, бір ауылға шарапатын тигізіп, талай жасты жұмыспен қамтыды. Әзірше осы даңқты азаматтан кейін ешбір қазақ балуаны Олимпиада алтынын ала алмай келеді.