• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2014

Ұстаз ұлағаты

377 рет
көрсетілді

Саяси экономика барлық экономика­­­­­­лық ілімнің күрета­­мыры іспеттес. Ол өзге ғылымдарға тамырын жайды, солармен керегесін кеңейтті, олардың әрқайсысы өзіндік даму шеңберін айқындады. Қазақ­­­­стандағы экономикалық бағыттың іргетасын қалауға атсалысқан­дардың бірі – экономика ғылымдарының докторы, профессор Ержан Жатқанбаев.

Саяси экономика барлық экономика­­­­­­лық ілімнің күрета­­мыры іспеттес. Ол өзге ғылымдарға тамырын жайды, солармен керегесін кеңейтті, олардың әрқайсысы өзіндік даму шеңберін айқындады. Қазақ­­­­стандағы экономикалық бағыттың іргетасын қалауға атсалысқан­дардың бірі – экономика ғылымдарының докторы, профессор Ержан Жатқанбаев.

Ержан Байғожаұлының өмір жолы қасиетті қазақтың дарқан даласының бірінде Бесқайнар елді мекенінде бас­тау алды. Соғыстан кейінгі барлық балалар секілді, Ержан Байғожаұлының да өмірі жеңіл болған жоқ. Алайда, ата-ана қамқорлығының, өзінің маңдай терімен келген етене еңбегінің жемісінде Ержан Байғожаұлы М.В.Ломоносов атындағы ММУ экономика факультетін ойдағыдай тәмамдап шықты. Ол кеңес дәуі­рінің ғалым-экономистері А.Ца­го­лов, В.В.Куликов, Н.В.Хес­­­­син, В.П.Шкредов және тағы бас­қа­лар­дан тәлім алу бақытына ие болды.

Міне, жарты ғасыр бойы, Ержан Байғожаұлы қазақтың білімі мен ғылымын дамытуға адал әрі өнімді еңбек етіп келеді. Ол Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі техно­логиялық институтының Алматы филиалынан басталатын, кейін, ҚазКСР ЖОО министр­лігінде педагогикалық әрі ғылы­ми-тәжірибелік қызметінде жал­ғас­қан, С.М.Киров атындағы ҚазМУ-де ұласқан, кандидаттық және докторлық диссертация қор­ғау сынды күрмеуі көп қиын-қыстау қызмет баспалдағынан өтті. Терең білімі және адами құндылықтарының сарқылмас кені ол кісіні басшылықтың төріне бастады. Университеттің жетекші бөлімдерін басқарды. ҚазҰУ эко­номика және әлеуметтану фа­куль­тетінің, халықаралық қаты­нас­тар факультетінің деканы да болды, халықаралық байланыстар жөнін­дегі проректор қызметін де атқарды.

Ержан Байғожаұлы заманауи экономикалық білім берудің жаңаша жүйесі туындаған шақта қызмет етті, жаңаша тәсілдер мен оқу әдістерін енгізіп, оқушы­ла­рының және әріптестерінің тұ­рақты өзіндік жетілуіне, дербес дамуына қолдау таныта біл­ді. Жас мамандарға ерекше қолдау көрсетті, біліктілігін арт­тыруға, шетелде тәжірибе алма­суға студенттерге сондай-ақ, оқы­ту­шыларға қолынан келгенше қамқор бола білді. Әкімшілік жұмысбастылыққа қарамастан, Ержан Байғожаұлы студенттерге арнап, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде кәнігі ғылыми жұмыс­тар, монографиялар, оқу және әдістемелік құралдар жазды.

Ерекше дарынды ұйымдас­ты­рушылық қабілетіне, үлкен тәжірибелік қызметіне, жинақ­тал­ған ой қазынасына орай Ержан Байғожаұлы жоғары кәсі­билікті мамандарды және ғы­лыми қызметкерлерді экономика саласына дайындады, оның басшылығымен, экономика ғылы­мы бойынша 40 кандидаттық және докторлық диссертация, үш PhD (философия докторы) докторлық диссертациясы қорғалды.

Ержан Байғожаұлы біздің жүрегімізге үміт ұшқынын ұялата білді. Біз оның шәкірттеріміз, біз үшін бұл асқан бақыт. Қа­зақ­станның зиялы ұрпағын қалып­тастыруда, енді біз ол кісімен бірге білім баспалдағымен бірге көте­­­­ріліп, сананың сатысынан шыңға бастар жолда бірге жетіліп келеміз.

Осы жылы біздің құрметті де сүйікті ұстазымыз жетпістің биігін еңсерді. Ержан Байғожаұлына көптеген ыстық ықылас пен алғыс айтқымыз келеді, денсаулық, ба­қыт, шығармашылық күш-жігер, жү­ректің жастығын тілегіміз келеді.

Раушан ДУЛАМБАЕВА,

экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Ілияс ҚҰЛИЕВ,

доцент.

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар