Астанада экологиялық полиция, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің өкілдерінен құрылған комиссия Алматы ауданы аумағындағы кәсіпорындардың тазалық мәселесіне байланысты арнайы рейд өткізді. Шара барысында кәсіпорындарда абаттандыру ережелері, санитарлық жағдайы, қоқыс жинауды ұйымдастыру және қала аумағында тазалықты қамтамасыз етуі тексерілді.

«Экологиялық полициямен бірлескен тексеру барысында заңды тұлғалармен коммуналдық қалдықтар мен күл-қоқысты шығару туралы келісімдер жасау мәселесі қаралды. Келісім болмаған жағдайда аталған тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылады», деді қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қалдықтарды басқару бөлімінің бас маманы Шыңғыс Кәрімов.
Шара барысында қатты тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстарды шығаруға келісім жасасудан бас тартып отырған 10 жеке кәсіпкерлік нысан тексерілді. Атап айтқанда, олардың қатарында дүкендер, ТҚС, дәмханалар, көлік жуу орындары мен моншалар бар.
«Біздің ұйым Жұмабаев көшесі, Б.Момышұлы және Абылай хан даңғылдарының бойында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысады. Қазіргі кезде жеке және заңды тұлғалармен келісімдер жасасу мәселесіне мәжбүр болып отырмыз. Өз кезегінде, біз қалдықтарды өндіріске жіберіп, техниканы жаңартуға тырысамыз. Бірақ борышкерлеріміз де бар. Басқа коммуналдық кәсіпорындар секілді суды, электр қуатын өшіріп тастай алмаймыз. Қоқыс шығаруды да тоқтатып қоюға болмайды. Бұл қаланың экологиялық жағдайына зиян келтіреді. Сондықтан ескерту шаралары ғана қолданылады», деді «Таза Әлем-Астана» ЖШС директорының орынбасары Дуслан Ахметов осы шараға байланысты өткен сапарда.
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, кәсіпорындар мен мекемелер (меншік формасына және қызмет түрлеріне қарамастан), сондай-ақ, қала аумағында жұмыс істейтін жеке тұлғалар мердігерлік қоқыс шығару кәсіпорындарымен коммуналдық қалдықтарды шығаруға келісімдер жасасуы тиіс. Ірі көлемдегі қоқыстарды олар өздері шығарады немесе тиісті келісімнің негізінде қоқыс шығаратын кәсіпорындарға тапсыруы қажет.
Нияз ЖЫЛҚЫБАЕВ.