Қаңтардың 24-інде, 03 сағат 30 минутта Шу стансасына тоқтаған №12 «Шымкент-Алматы» пойызының №22 вагонының тамбурында түтіндеу орын алғаны байқалды. Жедел құрылған пойыз бригадасы оны тез сөндіріп үлгерді. Вагонда 46 жолаушы болған. Олар басқа құрамаларға орналастырылды. Зардап шеккендер жоқ. Пойыз аталған бағдардан бір сағатқа кешікті. Вагон ағытылып, оқиға барысы тексерілуде, деп хабарлады, «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
•
25 Қаңтар, 2014
Тамбурдағы түтін жедел сөндірілді
283 рет
көрсетілді