• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2014

Балеттік студия шақырады

320 рет
көрсетілді

«Астана Опера» театрының әкімшілігі театр жанындағы опералық және балеттік студияға балалар қабылдай бастады. Балетті меңгеруге ниет білдіретіндер 8 бен 10 жас аралығында, опералық студияның үміткерлері 6 мен 15 жас аралығында, балалар хоры, оркестр, аспаптар ансамбліне келем ­деушілер 10 мен 16 жас аралығында болуы керек. Бірінші кезекте музыкалық қабілетке және музыкалық білімге мән беріледі.

«Астана Опера» академиясы балалар студиясының менеджері Майя Бекназар, «Астана Опера» театрының опералық студиясы балалар хоры мен камералық оркестрдің әртістерін дайындайтынын атап өтті. «Жас әртіс үшін өнер көрсеткенде қорқынышқа бой бермей, сахнаға шығуды үйренгені, пластикасы жақсы болып, бойындағы талабын көрсеткені маңызды. Сол үшін опералық студияның қатысушылары актерлік шеберлік мектебінің дайындығынан өтеді», дейді М.Бекназар.

Дәріс балаларға сахна әлемінің қыр-сырын толық таныстырып, өнерлерін қобалжымай көрсе­туді, актерлік және шешендік өнерді, пласти­каны меңгеруді және өз әріптестері – студия­ның жас таланттарымен достасуды үйретеді. Актер­лік шеберлікке икемделудің арқасында адам шығар­машылық еркіндігіне, әрқилы әрі толыққанды тілдесуге жол ашады. Білім алудың қосымша үлгісі болғанына қарамастан студияға қатысушылар кәсіпқой әртістердің деңгейіне сай шеберлік шыңдауға мүмкіндік беретін дайындықтан өтеді.

Балалар тек дәріс алып қана қоймайды, сонымен қатар, оларды жасы үлкен әртістермен бірге «Астана Опера» театрының опералық спек­­такльдерінің қо­­­йы­лымдары мен концерттеріне, сондай-ақ, бала­лар­дың жеке спектакльдеріне қатыстыру жос­парда бар.

Өтінім www.astanaopera.kz сайтында ағымдағы жылдың 21 ақпанына дейін қабылданады.

Нияз ЖЫЛҚЫБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар