• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Үкімет 07 Қыркүйек, 2021

ДДСҰ тіркеген вакциналарды сатып алу жеделдетіледі – Әсет Ерғалиев

146 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналарды сатып алу жеделдетіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, Президент Жолдауын іске асыру жалпыұлттық жоспарының екінші бағытында 8 іс-шараны іске асыру көзделген. Атап айтқанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналарды сатып алу жеделдетіледі. Медициналық бұйымдарға зертханалық және техникалық сынақтар жүргізу орталығын құру көзделеді.

«Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясына кемінде 12 санитариялық-эпидемиологиялық сараптама зертханасы жоғары технологиялық жабдықпен қамтамасыз етіледі. Отандық тауар өндірушілермен оффтейк-келісімшарттардың көлемі мен номенклатурасы кеңейтілетін болады», деді Әсет Ерғалиев.

 

Соңғы жаңалықтар