• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қыркүйек, 2021

Жамбылдағы жарылыс: Тағы бір әскери қызметші қайтыс болды

208 рет
көрсетілді

ҚР Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы әскери базада болған жарылыстан қаза тапқандар саны 16-ға жеткенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«2021 жылғы 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаттарының салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі 1983 жылы туған капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды.

Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған болатын. Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болды.

Қорғаныс министрлігі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», деп жазылған ресми хабарламада.