«Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы «Ақ жол» демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының босатылған мандатын 27 жастағы кәсіпкер Ғани Хамзинге беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл ротация бұрын өз өтінішімен орнын босатқан депутат Азат Сембиновтың орнына жүргізілді.
Ғани Хамзин 1994 жылы дүниеге келген, Мәскеу болат және қорытпалар институтының (МИСиС) түлегі, инженер-металлург. Еңбек жолын Павлодар облысындағы тау-кен металлургия кәсіпорнында технолог болып бастады.
Содан кейін жеке бизнеске ауысып, инжиниринг, техникалық қадағалау және жобаларды басқару саласында жұмыс істейтін «Стройинтеграция» ЖШС басқаруда. Компания Қазақстанның бірнеше облыстарында нысандарды сәтті дамытып, іске асыруда.
Ғани Хамзин «Ақ жол» демократиялық партиясы Жастар қанатының белсенді қатысушысы.
Бұл шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясында тіркеуден өтуі керек.