• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Қыркүйек, 2021

Сақ қорымынан табылған жәдігерлер Ұлыбритания музейіне жөнелтілді

338 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында сақ қорымдарынан табылған жәдігерлер Ұлыбританиядағы музейге жөнелтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

27 қыркүйек күні Кембридж музейінде «Ұлы дала алтыны» көрмесі ашылады. Бүгінде экспонаттардың басым бөлігі Ұлыбританияға жөнелтілді. Мамандар Қазақстанның шығысындағы қорғандардан табылған артефактілерді жайғастырумен айналысып жатыр.⠀

«Көрменің ашылатыны туралы ақпарат Ұлыбританияның барлық атақты басылымдарына жарияланған. Экспозиция ағылшын жұртшылығын қатты қызықтыратынына және оларды таң қалдыратынымызға сенімдімін. Алтын артефактілерден бөлек, көрме қонақтарына кәдесыйлар дайындадық. Тарихымызды жақынырақ танулары үшін біздің әртістер көрмеде қазақ даласының, баба дәстүріміздің ерекшелігін көрсететін стильді фольклорлық музыка орындайды», деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.⠀

Оның айтуынша, бұл экспозиция ежелгі Қазақстан тарихының жаңа беттерін ашады. Асқан шеберлікпен жасалған зергерлік бұйымдар мен экспонаттардың осы күнге дейін бүлінбей сақталуы талғампаз көрермендерді таң қалдырары анық.