Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы жанкүйерлердің сырт алаңда өтетін матчтарға баруына тыйым салмайтын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бұл шешім Еуропадағы сәтті вакцинация науқаны негізінде қабылданды», деп хабарлайды УЕФА баспасөз қызметі.
Енді қонақтардың жанкүйерлерін қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімді жергілікті билік қабылдайтын болады.
Осылайша футбол жанкүйерлері келесі аптадан бастап Чемпиондар Лигасы, Еуропа Лигасы мен Конференциялар Лигасының топтық кезеңіндегі өз командаларының сырттағы ойындарына қатыса алады.