• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қыркүйек, 2021

Зиянды қалдықтардың 80 пайызын зауыттар шығарып отыр - БҰҰ

761 рет
көрсетілді

БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш зиянды қалдықтардың 80 пайызын  Қазақстандағы ең ірі 50 зауыт шығарып отырғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

БҰҰ өкілі Қазақстандағы экологиялық мәселелер әлемнің көптеген еліне тән екенін айтады.

«Бұл істе Қазақстан ғана емес, БҰҰ-ға мүше көптеген елдер баяу әрекет етіп отыр. Әсіресе мемлекет саясатын экология саясатына бейімдеп, экология, ауыл шаруашылығы, биоалуандықты қорғау бағытындағы жұмыстарға мемлекеттік органдардың бәрін жұмылдыру керек. Энергетика министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі шығаратын шешімдермен шектелмеу керек. Бұл бастамалардың бәрі жеке секторға да әсер етуі керек. Қазақстандағы 50 ірі кәсіпорын қоршаған ортаны ластайтын қалдықтың 80 пайызын шығарып отыр. Бұл мәселеде бізге тараптардың бәрін үйлестіру қажет. Осының бәрін қолдайтын механизм керек. БҰҰ да, БҰҰ-ның Даму бағдарламасы да бұл іске үйлестіруші ретінде қатысуға дайын. Әрине, бірақ жергілікті биліктің қолдауы ең негізгі маңызға ие», деді БҰҰ өкілі.