• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Қыркүйек, 2021

Панджшер моджахедтері Ауғанстандағы геноцидті тоқтатуға шақырды

284 рет
көрсетілді

Ауғанстандағы ұлттық қарсылық майданы (ҰҚМ) халықаралық қауымдастықты елдегі геноцидті тоқтатуға шақырды. Бұл туралы ұйымның Twitter-парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Панжшер моджахедтері БҰҰ-ны Ауғанстандағы геноцидті тоқтатуға шақырады.

«ҰҚМ-нен күштері көптеген ауыр шығынға ұшыраған «Талибан»бүкіл провинция бойынша бейбіт тұрғындарды жаппай қырып-жоюға кірісті. Геноцидпен шектесетін топтың әскери қылмыстары туралы көптеген дәлелдер бар».

«Халықаралық қауымдастықты тәліптер мен олардың шетелдік демеушілерін қорғансыз бейбіт тұрғындарға қарсы жасаған қылмыстары үшін жауапқа тартуға шақырамыз», делінген Ұлттық қарсылық майданы хабарламасында.