Атырау қаласында егіз балалалардың екеуі де терезеден құлап кеткен. Біреуі алған жарақатынан көз жұмды, бірінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Атырау облыстық Төтенше жағдайлар депаратменті мәлімдеді.
Қайғылы жағдай 5 қыркүйек күні Береке шағын ауданында болған. 2020 жылы туған егіздер терезеге шығып, үшінші қабаттан құлап кеткен. Бұл уақытта әкесі үйде ұйықтап жатқан, ал анасы жұмыста болған. Терезеде қорғаныш торы болмаған.
Статистика бойынша, Атырау қаласында жыл сайын 5-6 бала терезеден құлап, соңы қайғылы жағдаймен аяқталады екен.