• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Медицина 08 Қыркүйек, 2021

Швейцария QazVac вакцинасына қызығушылық танытты

249 рет
көрсетілді

QazVac вакцинасы Швейцарияда тіркелу мүмкін. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Швейцарияда тіркелу мәселесіне келсек, өздері біздің Сыртқы істер, Сауда және интеграция министрліктеріне шығып хабарласқан болатын. Сондықтан қазір солармен жұмыс істеп жатырмыз. Өйткені өздері қызығушылық танытты. Кім байланысқа шықса, солармен жұмыс істеп жатырмыз. Мысалы қасымызда бауырлас елдер бар. Қырғзыстаннан басқалары ешқандай ұсныспен шыққан жоқ. Ал алыстағы Швейцария өздері шығып, «көмектесейік, тіркеуден өтсеңіздер Африка, Латын Америкасына шығаруға болады» дегендей мәселелерді айтты», дейді институттың бас директоры.