• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қыркүйек, 2021

Желтоқсан құрбандарына «Халық Қаһарманы» атағын беру ұсынылды

1358 рет
көрсетілді

«Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығын ресми деңгейде атап өтуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«1986 жылы әлемдік алпауытқа айналып тұрған қаһарлы Кеңес империясынан теңдік сұрап, азаттық үшін алаңға шыққан көтеріліске биыл 35 жыл. Жетпіс жылдық тас бұғау да жігерін жасыта алмаған, ұлттық намысын тұншықтыра алмаған қазақ жастары алаңға шыққан күн - Тәуелсіз ел үшін ең қастерлі күндердің бірі болуы тиіс! Қазақ жастары қылышынан қан тамған кеңес империясы кезінде алаңға нан үшін шыққан жоқ, намыс үшін шықты! Пұл сұрап шыққан жоқ, Тіл сұрап шықты!», деді депутат Қазыбек Иса. 

Сонымен қатар депутат Желтоқсан оқиғасы құрбандарына «Халық Қаһарманы» атағын беру мәселесін де көтерді.

«Ресей 1991 жылғы 19 тамызда Мәскеуде болған ГКЧП бүлігінде топалаңда танкінің астына түсіп қалған үш адамға «Ресей Батыры» атағын берді. Бізде неге ел тәуелсіздігі жолындағы нағыз көтерілісте мерт болған Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджановаларға «Халық Қаһарманы» атағын бермеске?», деді депутат.