• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Медицина 08 Қыркүйек, 2021

Шымкентте компьютерлік томография кабинеті ашылды

328 рет
көрсетілді

Шымкент қаласындағы Жүрек орталығында заманауи компьютерлік томография кабинеті ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңадан ашылған компьютерлік томография кабинеті Корея елінен арнайы әкелінген қондырғылармен жабдықталған.

Томография кабинетін аралап көрген қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Позилов жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім санын азайтып, науқастарды дер кезінде диагностикалауда құрылғының маңыздылығын атап өтті.

Жоғары сапалы томографияны қолдану - қан айналымы жүйесінің аурулары диагностикасында, кеуде артериясына, аортаға инвазивті емес ангиография жасауда «алтын стандарт» болып табылады. КТ көрсеткен диагностикалық тапсырмаларды сапалы әрі саны бойынша да шешуге мүмкіндік береді.