• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Қыркүйек, 2021

Павлодарда заң бұзған ауыл тұрғынына айыппұл салынды

101 рет
көрсетілді

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері сағат 22:30-да патрульдеу кезінде Шарбақты ауданының Шалдай ауылындағы Ленин көшесінде автокөлікті тоқтатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

-  Көлік жүргізушісі 2019 жылдың сәуір айында көлік құралын басқару құқығынан айырылған болатын. Алайда ол рульге неге қайта отырғанын түсіндіре алмады. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотта қаралды, - дейді департаменттегілер.

Сот шешімі бойынша ер адамға 70 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.