Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова коронавирус жұқтыру дерегі туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
Зәуре Ахметованың айтуынша, вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін ауырғандардың үлесі 0,1 пайыз болса, екінші компонентін алғаннан кейін ауырғандардың үлесі – 0,2 пайыз.
«Коронавируспен ауырғандардың статистикасын қарасақ, 99,9 пайызы вакцина алмағандар. Тек 0,1 пайызы ғана вакцина алғаннан кейін ауырған. Оның саны – 20 211 адам. Вакциналардың түріне қарай жіктесек, бірінші компонент алып ауырғандардың саны – 7 070 адам. Екінші компонент алғанннан кейін 13 141 адам ауырған. Бұл – 0,2 пайыз», деді комитет өкілі.