Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова оқу жылының басынан бері коронавирустық инфекция жұқтырған оқушылар жайлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Білім беру ұйымдарындағы санэпидситуацияны бақылау мәселесі басты мәселелердің бірі болып табылады. Оқу жылының басынан бері сырқаттанушылықтың 426 жағдайы тіркелді. Әрбір жағдай бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Нәтижелері бойынша балалардың каникул кезінде ауырып, коронавируспен ауыратын науқастармен байланыста болғаны анықталды», деді Ахметова ОКҚ брифингінде.
Ол сондай-ақ барлық байланыста болған адамдарға ПТР-зерттеу жүргізілгенін атап өтті, 3 мың оқушының ішінен тек үш оқушыда ПТР-тесттің оң нәтижесі болды.
Еске сала кетсек, 1 қыркүйектен бастап мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері дәстүрлі оқыту форматына оралды. Мектептер мен университеттерге кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.