• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Коронавирус 08 Қыркүйек, 2021

Ұтыс ойындары халықты вакцинацияға тартудың заңдылығы ма?

313 рет
көрсетілді

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов халықты вакцинацияға тартудың заңдылығы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Вакцинацияға, ұтыс ойындары мен сыйлықтарға келетін болсақ, бұл жердегі тәжірибе әлемдік екенін көруге болады. Барлық жерде, тіпті ең дамыған елдерде де мұндай құралдар вакцинациялауға шақыру мақсатында қолданылады. Дегенмен, Қазақстанда вакцинация ерікті болып қала береді», деді Марат Шоранов ОКҚ брифингінде.

Бұған дейін М.Шоранов емханалардағы дәрігерлердің жетіспеушілігіне қатысты түсініктеме берген болатын.

«Жалпы, 2020 жылмен салыстырғанда халыққа жоспарлы медициналық көмек көрсету жағдайы айтарлықтай түзелді. Іс жүзінде барлық емханалар, бірінші буындағы медициналық қызметтерді жеткізушілер, мемлекеттік те, жеке де, халықпен толық көлемде жұмыс істейді. Иә, мүмкін, жекелеген жеткізушілерде кадрлық мәселелер туындауы мүмкін. Өздеріңіз білетіндей, көптеген ресурстар коронавирустық инфекциямен күресуге тікелей жіберілді. Алайда, біз әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен жұмыс аясында өңірлермен осы мәселелерді үнемі бақылауда ұстаймыз», деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.