Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Токиода өткен Паралимпиада ойындарында өнер көрсеткен спортшылармен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыс әкімі Паралимпиаданың күміс жүлдегерлері Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет пен Зарина Байбатинаға көлік пен 2 бөлмелі пәтер кілтін, 1 миллион теңгенің сертификатын тапсырды. Паралимпиада жүлдегерлерінің бапкері Жандос Қияновқа 4 миллион теңге берілді.
«Бұл – ел спорты үшін тарихи жетістік, қажырлы еңбек пен намыстың, өршіл рухтың жемісі. Ең бастысы, Атырау спортшыларының ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына айрықша тартуы. Сіздер мыңдаған жастарға рух сыйлап, қайсарлықтың мәнін ұғындырдыңыздар», деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Сондай-ақ, Паралимпиада ойындарының қатысушылары Аманжол Жанбота, Ғалымжан Смағұлұлы, Ерлан Өтепов, Нұрлан Домбаев, Ержан Сәлімгереев пен олардың жаттықтырушыларына құрмет көрсетілді.