• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2014

Баршамыз үшін абыройлы міндет

264 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2014 жылдың 17 қаң­тарында «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ат­ты Қазақстан халқына Жолдауы елі­міздің дамыған 30 мемлекеттің қа­тарына ену жолындағы ұзақмер­зімді басымдықтарын кезең-кезеңі­мен жүзеге асыру жолдарын, тетіктерін белгілеп берді.

Елбасы өз Жолдауында бі­лім, ғылым, экономика, техно­ло­гия, бизнес, халықтың әл-ауқа­тын арт­тыруға бағытталған түйін­ді мақ­саттарды айқындап, «Біз үшін бо­ла­шағымызға бағдар ете­тін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға же­те­лейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы», деп ерек­ше атап көр­сетті.

Ата-бабаларымыздың ұлы арманы, ұлтымыздың ұлы бағдары, қазақстандық ортақ шаңы­ра­ғы­мыз­дың «Мәңгілік Ел» ұлттық идея­сы «Нұр Отан» партиясының XV съезінде қабылданған «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында» Док­тринасында көрініс тапқан қа­зақстандық патриотизмнің идея­лық негіздері – «ел бірлігі», «ха­лықтың ынтымағы», «ұлттық қау­іп­­сіздік», «берекелі отбасы», «төл мә­дениет», «тамыры терең руха­ният», «жалпыға ортақ еңбек қоға­мы» сынды жалпыұлттық құн­ды­лық­­тарға сәйкестігімен маңызды.

«Қазақстан-2050» Стра­те­гия­сын, «Мәңгілік Ел» ұлттық идея­­сы жобасын жүзеге асыру – бар­ша­мыз үшін абыройлы міндет.

Қадиша ОСПАНОВА,

«Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық

филалы төрағасының бірінші орынбасары,

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты.

Соңғы жаңалықтар