• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Қыркүйек, 2021

Жалақы төлеуді кешіктіргендер жазаға тартылды

422 рет
көрсетілді

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ағымдағы жылғы 3 қыркүйектегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 706 кәсіпорнында 20,1 мың жұмыскердің алдында 4 млрд 430 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 886 нұсқама беріліп, 100,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 18,8 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 4 млрд 359,9 млн теңге төленді.