Жакарта қаласында (Индонезия) Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Оразбай Оңтүстік-шығыс Азия елдері қоғамдастығының (АСЕАН) Бас хатшысы Ле Люонг Миньмен кездесті.
Жакарта қаласында (Индонезия) Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Оразбай Оңтүстік-шығыс Азия елдері қоғамдастығының (АСЕАН) Бас хатшысы Ле Люонг Миньмен кездесті.
А.Оразбай Бас хатшыға Қазақстанның Индонезиядағы елшісін Қазақстанның АСЕАН жанындағы елшісі ретінде тағайындау туралы еліміз Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың хатын тапсырды.
Кездесу барысында елші АСЕАН-мен ынтымақтастықты, әсіресе, ұйымның Қауіпсіздік жөніндегі аумақтық форумы шеңберінде нығайтуға Қазақстанның қызығушылық танытатынын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан елшісі АСЕАН мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы арасындағы ынтымақтастықты дамытуға шақырды.
Қазақстандық дипломат сұхбаттасушысын Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының басты бағыттарымен таныстырып, Жолдаудың ағылшын тіліндегі мәтінін тапсырды.
Ле Люонг Минь өз кезегінде АСЕАН-ға мүше мемлекеттер Қазақстанды соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай жетістіктерге жеткен, зор экономикалық әлеуеті бар ел ретінде танитынын атап өтті. Ол болашақта табысты өзара іс-әрекет етуге, сондай-ақ, Жолдауда қойылған үлкен мақсаттарға жету Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретініне сенімін білдірді.
«Егемен-ақпарат».