• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Қыркүйек, 2021

Павлодарда бір мезетте 7 көлік соқтығысты

115 рет
көрсетілді

Жол-көлік оқиғасы Лермонтов көшесінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

- 9 қыркүйек күні сағат 09.07-де «Ауди» маркалы автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіз қашықтықты таңдап алмай, 7 автомашинамен – «Лада», «Ниссан», «Тойота», екі «Хонда» және «Равон» соқтығысты.  «Ауди» жүргізушісінің айтуынша, көлік қозғалысы кезінде тежегіштер істен шығып, алда келе жатқан автокөлікті соқпауға тырысқан, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша «Ауди» жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды.