• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Қыркүйек, 2021

Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының сапасы артады

146 рет
көрсетілді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев жол бойындағы қызмет көрсету нысандары туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.

Оның айтуынша, республикалық жолдардың бойында қызмет көрсететін 1 738 нысан бар. Олардың 1 093-і немесе 63 пайызы Ұлттық стандарт талаптарына сай жасалған.

Спикер ең төмен көрсеткіштер Маңғыстау облысында (45%), Павлодар облысында (49%) және Түркістан облысында (49%) екенін айтты. Ал жоғары көрсеткіштер Атырау (81%), Қостанай –(75%) және Ақтөбе облысында (74%).

«Біз мүдделі тараптармен бірлесіп, 2025 жылы жол бойындағы қызмет көрсететін нысандардың 100 пайызын Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келтіру жоспарын айқындадық. 2021 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 66 пайызға жеткізу қажет», деді вице-министр.