• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2014

Үржарда – үлкен қуаныш

427 рет
көрсетілді

Таскескенде – Мәдениет үйі, Айтбайда – мектеп, Бестеректе – амбулатория ашылды

Үржар – бұрынғы үш ауданнан құралған үлкен аудан. Тарбағатай жоталарынан Алакөлге, Қарақолдан Бақты кеденіне дейін созылып жатқан сулы-нулы, құйқалы өңір. Облыс орталығы мен ірі қалалардан шалғай жатқан шекаралық аудан соңғы уақытта соны өзгерістерге толы. Жуырда аудан әкімі Серік Зайнулдиннің аз уақыттың ішінде тындырымды жұмыстар атқарғанына куә болдық.

 

Таскескенде – Мәдениет үйі, Айтбайда – мектеп, Бестеректе – амбулатория ашылды

Үржар – бұрынғы үш ауданнан құралған үлкен аудан. Тарбағатай жоталарынан Алакөлге, Қарақолдан Бақты кеденіне дейін созылып жатқан сулы-нулы, құйқалы өңір. Облыс орталығы мен ірі қалалардан шалғай жатқан шекаралық аудан соңғы уақытта соны өзгерістерге толы. Жуырда аудан әкімі Серік Зайнулдиннің аз уақыттың ішінде тындырымды жұмыстар атқарғанына куә болдық.

Айталық, Үржар ауданында бір күннің ішінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандар пайдалануға берілді. Оның қатарында Таскескен ауылындағы Мәдениет үйі, Айтбай ауылындағы орта мектеп және Бестерек ауылындағы дәрігерлік амбулатория бар.

Алдымен Таскескен ауылындағы күрделі жөндеу­­­­ден өткен Мәдениет үйінің ашылуы өтті. Он жеті жыл жөндеу көрмей, іске алғысыз болған ғимаратқа жер­гілікті бюджеттен 91 млн. теңгеден астам қаржы бө­лінген екен. «Терме ОСТ» ЖШС жүргізген құры­­­­­­­­­­лыс жұмыстары өткен жылдың қараша айында аяқталыпты.

Бұл ғимараттың ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы, ардагерлер алқасы, ауыл кітапханасы, мәжіліс залы және т.б. әлеуметтік-мәдени орындар орналасқан. Мәселен, ХҚКО филиалы арқылы тұрғындар орталыққа бармай-ақ құжатты бір күннің ішінде ресімдеп ала алады.

Мәдениет үйінің сыңғырлаған жаңа мәжіліс залында Қоңыршәулі ауылдық округі әкімі А.Жүнісовтің халықпен есептік кездесуі өтті. Аталған кездесуге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та қатысты.

Бұл күні 130 орындық орта мектептің ашылу салтанатына қатысқан Айтбай ауылының тұрғындары да қуанышқа бөленді. Жаңа мектеп заман талабына сай жарақтандырылған.

– Бұрын оқушылар кішкене ғимаратта екі кезек бойынша оқитын. Онда спорт залы мен асхана жоқ болатын. Жаңа мектепте мұның барлығы бар. Сонымен бірге, шағын орталық та осында орналасқан. Бұл – ата-аналар үшін өте тиімді. Оқушылар бір ауысымда оқиды, – деді аудандық оқу бөлімі кәсіподағының жетекшісі Жанболат Жыңғылбаев.

Мектепте оқушылардың білігін жетілдіруге қажетті жағдай жасалған. Тігін, ағаш және темір шеберханалары, мәжіліс залы, кітапхана бар. Сонымен бірге, 90 оқушыға тегін ыстық ас беруге арналған асхана ұйымдастырылған.

Бестерек ауылында «Шарорда» ЖШС салған дәрігер­­­лік амбулатория құрылысына 150 млн. теңге жұмсалған.

– «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша, халық денсаулығын жақсарту үшін материалдық-техникалық базаны нығайту қажет. Осыған орай, облыс аумағында 29 дәрігерлік амбулатория салуды жос­­­­пар­­­лағанбыз. Өткен жылы 11 амбулатория салынды. Оның ішін­де 4 амбулатория Үржар ауданына тиесілі. Мұның бар­лығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қол­­­дауы арқылы жүзеге асып жатыр, – деді өңір басшысы.

2200 тұрғыны бар Бестерек ауылының халқы дәрігер­­­­лік амбулатория ашылғанына өте қуанышты. Сатыбалды Бісмақов, Тұрсынхан Қайсарқызы, Жұмабике Қайырова сынды ауыл қариялары дер кезінде пайдалануға берілген амбулаторияның, әсіресе, жас балалар мен зейнеткерлер үшін қажет екенін жеткізіп, ризашылықтарын білдірді.

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша ауылға келген Марина Сергиенко аталған мекемеге жетекшілік етеді. Амбулатория дәрігері жас маман ретінде баспанамен де қамтылған.

Дидар НҰРЛАНҰЛЫ.

Шығыс Қазақстан облысы,

Үржар ауданы.

 

Соңғы жаңалықтар