Үндістанның Ассам штатында екі кеме соқтығысып, біреуі суға кетті. Оқыс оқиға салдарынан 1 адам көз жұмған, деп жазады Egemen.kz.
Екі су көлігінде 100-ден аса адам отырған. Олардың кейбірін мамандар құтқарса, басқалары өз бетінше қауіпсіз жерге дейін жүзіп жеткен.
Оқыс оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Жергілікті ақпарат құралдары 30 адамның әлі табылмағанын хабарлайды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Билік қажет болса, оларға әскер тартылатынын жеткізді.