• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Қыркүйек, 2021

Жапонияда туристер үшін карантин жеңілдеді

159 рет
көрсетілді

Жапония ресми түрде ел толығымен вакцинацияланған туристер үшін карантинді жеңілдетуге ниетті деген мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.

Билік вакцинация паспорты бар шетелдіктерге эпидемиологиялық адалдық танытады. Атап айтқанда, карантин 14 күннен 10 күнге дейін қысқарады. Әзірге Pfizer, Moderna және AstraZeneca вакцинация сертификаттары туралы айтылуда. 

Дегенмен де олар АҚШ, Еуропалық Одақ аумағында немесе тікелей Жапонияда шығарылуы керек.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.