Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бүгін Ауған елінде тұратын бір топ қазақ Қазақстанға сәтті эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәлидің фейсбуктегі жазбасына сілтеме жасап.
«Кабулдан Алматыға арнайы рейспен 35 қандасымыз, 4 Қазақстан азаматы және БҰҰ-ның 1 қызметкері жеткізілді. Президент дипломаттарымызға және игі істі ұйымдастыруға атсалысқан барлық ведомство қызметкерлеріне алғыс айтты», деп жазылған хабарламада.