Қазақстандық спортшы Әмір Омарханов Әзербайжан астанасы Баку қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан ITF Juniors турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Қарағанды теннис мектебінің 13 жасар түлегі Әмір Омарханов ширек финалда ресейлік Савелий Шпитамен кездесті. Қазақстандық спортшы тартысты бәсекеде 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Жас спортшы бүгін тағы бір ресейлік Виктор Кузнецовпен жарысқа түседі. Әмір қарсыласынан асып түссе, ол өз спорттық жолында алғаш рет ITF додасының финалына шығады.