• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қыркүйек, 2021

Ауғанстан қазақтарының елге оралу сәтінің видеосы жарияланды

351 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстанда тұратын қандастар елге оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

  

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.

Кеше Кабулдан Алматыға арнайы рейспен 35 қандасымыз, 4 Қазақстан азаматы және БҰҰ-ның 1 қызметкері жеткізілгенін хабарлаған болатын.

Қандастар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елге эвакуацияланды. Президент дипломаттарымызға және игі істі ұйымдастыруға атсалысқан барлық ведомство қызметкерлеріне алғыс айтты.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсыру рәсімінде Ауғанстандағы қазақ диаспорасын елге қайтару мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеген еді.