• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 10 Қыркүйек, 2021

Алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

406 рет
көрсетілді

Қазгидромет мамандары Қазақстан бойынша 2021 жылдың 11-13 қыркүйегіне арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Апта соңында ел аумағының басым бөлігі, әлі де өтіп бара жатқан циклон жырасының ықпалында болады. Солайша елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында екпінді жел, оңтүстік-шығысында және шығысында найзағаймен жаңбыр жауады.

Содан кейін 12 қыркүйектен бастап Қазақстан аумағына Мәскеу аудандарынан суық антициклон ауысатын болады. Ол негізінен жауын-шашынсыз ауа-райы мен түнде ауа температурасының батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталық пен шығыста минус мәндеріне дейін төмендеуіне әкеледі.

Республиканың батысында ауа температурасы түнде 1 аяз – 12 жылу, күндіз 15-27-ден 20-30 жылу, солтүстік-батыста ауа температурасының төмендеуі түнде 3-13 жылудан 3 аязға дейін – 10 жылу, күндіз негізгі фон 12-23 жылу, солтүстікте және орталықта ауа температурасының төмендеуі түнде 3-13 жылудан 3 аязға дейін – 5 жылу, күндіз негізгі фон 10-20 жылу, шығыста 5-13 жылудан 1 аязға дейін – 10 жылу, күндіз 17-25 республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 4-15, күндіз 19-28 жылы болады.