• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қыркүйек, 2021

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

396 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК бірқатар облыстарда дауылды ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.

11-13 қыркүйек күндері Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай және бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың оңтүстік-батысында, батысында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

11 қыркүйекте Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Қарағанды қаласында да ертең найзағай түсу ықтималдығы жоғары. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жететін күшті жел соғады.

Сондай-ақ ертең Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнайды. 

Петропавл, Орал қаласы мен Батыс Қазақстанда екпінді жел соғады.